Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы көш бастады. Әзірге ел қоржынында 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медаль бар, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Қазақ күресінен қатысқан 8 спортшының барлығы алтын медаль алды. Ал жамбы атудан үш орынды да ұлттық құрама спортшылары иеленді.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды. Батыр Бексауыт – алтынға, Айтбек Сарыбай күміс жүлдеге ие болса, қола медальді Ералхан Айкөз еншіледі», — деп жазады ұйымдастырушылар.
Дүниежүзілік ойындарда дәстүрлі садақ атудан әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында қос бірдей қазақстандық финалға шығып, Қасымхан Қанат қола медаль иеленсе, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль алды. Сондай-ақ ел спортшылары кураштан 6 жүлде ұтып алды. Қазақстандық спортшылар аударыспақтан үш салмақ дәрежесінде де алтын медаль алды.
Жарыс кестесінің екінші орнында 2 алтын, 7 күміс, 4 қола жүлдемен Қырғызстан спортшылары келе жатса, үздік үштікті 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алған Ресей спортшылары түйіндеп тұр.
Өзбекстан құрамасының еншісінде 2 алтын, 4 күміс, 6 қола болса, Францияның құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте үздік бесінші орында келеді.
Бүгінге дейін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі 20 мемлекеттің спортшыларына бұйырды.