«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяомен кездесті. Кездесу барысында екі тарап, Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсартуға қатысты әңгімелесті.
ҚХР елшілігінде өткен кездесуде екі тарап экологиялық қоршаған ортаны қорғау, таза ауа мен таза су және Париждік келісімді орындау мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеу, оларды сұрыптап, пайдаға асыру проблемалары да қаралды. «Баршаға аян, Қытай елі қоқыстарды пайдаға асырып, оларға жаңа өмір сыйлауда көшбасшы елдердің қатарында, сондықтан да көрші елден үйренеріміз көп», деді Азаматхан Әміртаев.
Кездесу соңында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжан Соя «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевті аспан асты еліне шақырды. Ресми сапар жыл соңына дейін болады деп жоспарлануда.