Бүгін екі елдің энергетика министрлері Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭО салу бойынша келісімге қол қойды.
«ИНТЕР РАО – Экспорт» және «Самұрық-Энерго» АҚ уәкілетті ұйымдар болмақ.
«Үш облыс орталығында – Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО салу өңірлердің дамуына серпін береді», — деп атап өтті Сәтқалиев.