ҚазТАГ — Қазақстан Ресеймен ЖЭО құрылысы туралы келісім жасасқысы келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Көкшетау, Семей және Өскеменде үш көмір ЖЭО салу жобалары бойынша Ресей Федерациясымен үкіметаралық келісім жасау жоспарлануда», — деп мәлімдеді Сәтқалиев энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде.
Ведомствода сондай-ақ, Көкшетау — э/м — 240 МВт, т/м — 520 Гкал/сағ), Семей — э/м — 360 МВт, т/м — 1200 Гкал/сағ және Өскемен — э/м — 360 МВт қажет болатын электр қуаты бойынша сандар алдын ала айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Ресей «Көкшетау» ЖЭО, «Семей» ЖЭО және «Өскемен» ЖЭО жобалары бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ құрылыс жобалары бойынша қазақстандық «Самұрық-Қазына» мен «Интер РАО — Экспорт» арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражаты ресейліктердің Қазақстанда ЖЭО салуына бағытталмайтынына уәде берді.