Кеше, 6-шы қазан күні елімізде атом электр сатнциясын салу болйынша жалпыұлттық референдум өтті. Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасты.
Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы, яғни 7 820 918 адам дауыс берген. Бақылаушылардың сөзінше халықтың басым бөлігі түске дейін дауыс беріп үлгерген, бұл қазақстандықтардың сайлауға деген қызығушылығының артқандығын көрсетеді.
Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша өткен рефернедумның алдын ала EXIT-POLL нәтижесі де жарияланды. «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының сәліметі бойынша дауыс берушілердің 69,8 % АЭС салуды қолдап дауыс берсе, 30,2 % оған қарсы болған. Ал Евразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша қолдағандар 71,8 %, ал қарсы дауыс бергендер 28,2 %. Ал Amanat партиясының Қоғамдық саясат институтының EXIT-POLL нәтижесі дауыс берушілердің 72,3 % елімізде атом электр сатнциясының салынуын қолдайды. Ал 27,7 пайызы оған қарсылық танытқан.
Айта кету керек, елімізде дауыс беру құқығына ие 12 224 683 адам болса, оның тек 7 820 918-і дауыс беруге келген. Өңірлер бойынша науқанға қатыстқандардың басым бөлігі Қызылорда облысында, облыстың 82,48 % дауыс берген. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген. Алматылықтардың тек 25,39 пайызы ғана қатысқан.