Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Шымкент қалалық онкологиялық орталығында ел тарихында тұңғыш рет аса күрделі ота – кеңірдек бифуркациясына резекция сәтті жасалды.
Операция 37 жастағы науқасқа жасалды. Дәрігерлер кеңірдектің бифуркациясымен бірге оң және сол бронхтарды алып тастап, қайта қалпына келтіру әдісі арқылы жаңа бифуркация қалыптастырды.
Бұл ота – Қазақстан онкология тарихындағы алғашқы қадам. Жоғары технологиялық тәсілдер мен дәрігерлердің үйлесімді бірлескен жұмысының, олардың кәсіби біліктілігінің нәтижесінде операция ойдағыдай өтті.
Жаңа тәсілді тәжірибеге енгізу үшін Шымкент онкологиялық орталығы Ресейдің Н.Н. Петров атындағы ұлттық онкология ғылыми-зерттеу орталығымен әріптестік орнатты. Жергілікті мамандар алдыңғы қатарлы шетелдік сарапшылардың шеберлік сабақтарына тұрақты қатысып, кәсіби деңгейін көтеріп жүр.
Бұл жетістік – шымкенттік дәрігерлердің кәсібилігі мен заманауи медициналық технологияларды игерудің жарқын нәтижесі.
