Қазақстанда инфляцияға қарсы шаралар кешені қайта қаралады
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, жедел және орта мерзімді сипаттағы 90 іс-шараны жүзеге асыру көзделген. Олар өнім өндіру көлемін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, сондай-ақ баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталған.