Қазақстанда келесі жылдан бастап Ұлттық кітап күні тойланады
Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланған болатын.
«Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 23 сәуір — Ұлттық кітап күні мерекесін мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген», — делінген қаулы жобасында. Құжат 22 мамырға дейін қоғам талқысына ұсынылды.