Қазақстанда шегірткемен күрес басталды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялық қызметінің баспасөз мәслихатында айтылды.
Қазақстанда шегірткенің 270 түрі бар және оның 10-15-і өте қауіпті саналады. Олар Ақтөбе және Қостанай облыстарында кеңірек тараған.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіпті кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікарімов зиянкестерге қарсы қолданылатын препараттар дерлік барлық өңірге жеткізген, тек Ақмола, Павлодар, СҚО және Түркістан облыстарына кейінірек тасымалданады.
Бүгінде шегірткелермен күреске 101 бүрткіш аппаратымен 18 мың гектар жер тазартылған.
Мамандардың сөзінше ауа райына байланысты биыл өткен жылға қарағанда шегірткенің таралуы баяу жүріп жатыр.
Автор : Ерқуат Махпал