Қазақстанда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 1,8 мың доза екпе табылды
Олар қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жалпы сомасы 7,8 млн теңге тұратын вакциналар. СҚО прокуратурасы медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды әшкерелеген. Бұл өңірде қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілері анықталған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 385-бабы («Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Жалпы, анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты болған», — делінген хабарда.