Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі «Үздік шетелдік фильм» номинациясында «Оскар-2025» сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.
Фильм сәби кезінен әжесінің қолында тәрбиеленген баланың өмірін баяндайды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2023 жылдың күзінде Сан-Себастьяндағы (Испания) беделді кинофестивальде өтті.
Сол жылы «Бауырына салу» фильмі «Үздік жастар фильмі» аталымында «Азиялық Оскар» сыйлығын алды. Бұл Австралияда орналасқан Asia Pacific Screen Awards киножүлдесі.
Айта кетсек, «Оскарды» тапсыру рәсімі 2025 жылы 2 наурызда Лос-Анджелесте өтеді.
Үміткерлер тізіміне қырғыз режиссері Руслан Акун түсірген «Жұмақ ананың табанының астында» (Рай под ногами матери) фильмі де енді.