Қазақстандық таэквондошы Батырхан Төлеуғали Олимпиада лицензиясын жеңіп алды Спортшы Тайань қаласында (Қытай) өткен іріктеу турнирінде 80 келіге дейінгі салмақта финалға шықты. Жартылай финалда Төлеуғали саудиялық Али Мабрук әл-Мабрукты жеңді.