Спортшымыз Елена Рыбакина (әлемнің 5-ракетакасы) Абу-Дабиде өткен WTA-500 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда ресейлік Дарья Касаткинаны (14-ракетка) 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Рыбакина Abu-Dhabi Open жарысындағы жеңістен соң әлемдік рейтингіде келесі аптадан бастап 4-орынға көтеріледі. Бұл – Рыбакинаның биылғы жылғы екінші жеңісі, ал жалпы карьерасындағы жетінші кубогы.
Ол биыл қаңтарда Австралияның Брисбен қаласындағы WTA-500 турнирінің финалында беларусь Арина Соболенкодан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанған.
Рыбакина Ресейде туған, 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Теннисші 2022 жылы Үлкен дулыға жарыстары қатарына енетін «Уимблдон» добасының жеңімпазы атанған.