Татарстанның Қазан қаласында «Болашақ ойындарының» жабылу салтанаты өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық мультиспорттық турнир 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтті. Ол цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал дисциплиналарын біріктірді. Оның қатысушылары 12-62 жас аралығындағы 2 мыңнан астам адам болды. Олардың барлығы 294 командаға біріктірілді. Турнирдің жүлде қоры $10 млн құрады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Жарыстарға геймдев, эспорт, робототехника (дрон жарысы және робот шайқастары), кеңейтілген және виртуалды шындық, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бойынша әзірлемелер кірді. Жалпы 21 дисциплина бойынша (16 негізгі және 5 кеңейтілген бағдарламада) өтті. Аталған ойындарға 13 пән бойынша 48 қазақстандық қатысты. Барлығы 236 спортшы алғашқы «Болашақ ойындарының» жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Бұл Ресей, Қытай, Үндістан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Испания, Уругвай, Филиппин, Аргентина, Эквадор, Колумбия спортшылары. Қазақстандықтар да ойында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, «Болашақ ойындарынан» түрлі дисциплиналардан медальдар жиынтығын жеңіп әкелді.
«Қазақстандықтар әдеттегідей жарқын өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алды, сондай-ақ «Болашақ ойындарына» қатысып, құнды тәжірибе алдық. Біз Қазақстандағы киберспорт инфрақұрылымын одан әрі жетілдіруді жалғастырамыз және өзіміздің киберспортшыларымыздан тағы да жеңістер мен әдемі ойындар күтеміз», – деді ҚР туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Ойындар барысында xGOD командасының құрамында бес қазақстандықтың өнер көрсетуі айрықша болды, олар керемет дағдыларын көрсете отырып, Counter-Strike 2 ойыны мен лазертаг бойынша «Болашақ ойындары 2024» чемпионатында жеңіске жетті. Қызықты финалдық жарыста xGOD ұжымы ресейлік LookingForOrg құрамымен кездесіп, сенімді түрде 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матч Inferno картасында 13:9 және Overpass картасында 13:11 жиынтық ұпаймен аяқталды. Бұл әсерлі жетістік xGOD ойыншыларының жоғары дайындығы мен кәсібилігінің тағы да бір дәлелі. Қазақстандықтар $175 мың жүлдені жеңіп алды.
Сонымен қатар, Dota2 бойынша әр түрлі халықаралық командалар құрамында қазақстандықтар турнир финалының 1/16-дан 1/4-ке өте алды, Қазақстаннан келген фиджитал-хоккейшілер (Cyber Barys) 1/8 финалға өтті, Young командасының жаттықтырушысы Алим Рахметов өз командасын бірінші орынға жетеледі, оның командасы 87,5 мың доллар ұтып алды. «Танктер әлемі» дисциплинасында Rise командасының ойыншысы Станислав Штыренко 1/4 финалда жарысты аяқтады, оның командасы қатысқаны үшін $30 мың алды. Absolute командасының мүшесі Әділ Елдосов Standoff дисциплинасының жеңімпазы болды, оның командасы сәйкесінше $87,5 мың тапты.
«Біздің Counter-Strike ойыншыларымыз әлемдік аренада бұрыннан, осы ойынның алғашқы нұсқаларынан бастап өзін танытты және бүгінде олар халықаралық турнирлерде жанкүйерлерді қуантуды жалғастыруда. Қазақстандықтарды таңғажайып жеңісімен құттықтаймыз, мұндай жүлде қоры шын мәнінде киберспорт әлемі үшін елеулі награда болып саналады», – деп атап өтті Қазақстан киберспорт Федерациясының Президенті Қуанышбек Есекеев.
Қазақстанда киберспорт инфрақұрылымы 2018 жылдан бастап қарқынды дамып келеді, содан кейін бұл дисциплина алғаш рет ресми спорт түрі болып танылды, ал жазда ҚР Киберспорт Федерациясы құрылды. Содан бері елде жүздеген турнир, соның ішінде бірқатар халықаралық турнир өтті.
2024 жылдың 21 ақпанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирін өткізуді ұсынды.