Астана. 15 тамыз. BM.KZ – «Қазгидромет» мәліметінше, Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ, Шымкент пен Алматы қалаларында өрт қаупінің ең жоғарғы – 5-деңгейі жарияланды.
Елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстік және шығыс аймақтарда күндіз қатты нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.
Тек Қазақстанның оңтүстігінде ғана ауа райы құрғақ әрі ыстық болады.
ТЖМ тұрғындарға от жақпауға, ашық далада шылым шекпеуге, қураған шөп маңында от жағуға болмайтынын ескертеді.
