Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда шығысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар жауады деп күтіледі.
10–12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп болжанады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман, жел күшейеді деген болжам бар.
11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы -3…+3 °C шамасында болады.
