«Кейбір БАҚ-та Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеймін. Бұған қатысты келіссөз жүргізілген емес», — деді ұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев.
ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарында барлық өндірістік процесс штаттық режимде жүріп жатыр.