ҚМГ-ның Батыс Қазақстан облысындағы еншілес ұйымдары мен қатысу үлесі бар компаниялар жергілікті әкімдіктерге көктемгі су тасқыны салдарын жою және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көмек қолын созды.
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясы Бөрлі ауданы әкімдігінің өтініші бойынша 28 наурыздан бастап қажетті техниканы бөлді.
Қарашығанақ кен орнында қазіргі уақытта су тасқыны байқалмайды. Табиғи апат шикізат өндіру ісіне және жобаларды іске асыру барысына әсер етпеді.
ҚазМұнайГаздың және оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері де зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін қаржылай көмек жинап жатыр.