Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – КазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновты ұстағаннан кейін бір күн өткен соң, үй қамаққа жіберді.
— Әмір Қасеновты үй қамаққа жіберді. Жаңа жылды үйінде қарсы алатыны жақсы, бірақ байланыссыз қалатыны жаман, — деп мәлімдеді «Әділ сөз» қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова.
Бұған дейін Астанада «ҚазТАГ» агенттігінің бас редакторы қамауға алынғанын жазғанбыз.
