ҚМДБ пітір садақа мөлшерін бекітті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, еліміз бойынша пітір мөлшері екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.
Бидай 2 келі – 341 теңге;
Ұн 2 келі – 640 теңге;
Арпа 4 келі – 701 теңге;
Мейіз 2 келі – 5745 теңге;
Құрма 4 келі – 8536 теңге.
Бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ.