• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қолдағы малы ит-құсқа жем болған Созақ жұртына шөп керек

Қолдағы малы ит-құсқа жем болған Созақ жұртына шөп керек

29 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: BM.KZ

Түркістан облысы, Созақ ауданында қуаңшылық салдарынан мал аштан көтерем болып, өле бастаған. Шаруалар жайылым мен жем-шөп таппай, төрт түлігін аман сақтап қалуға шамалары келмей жатқанын айтып отыр. Олардың сөзінше, биыл көктемнен бері жаңбыр жаумаған. Соның салдарынан жайылымда шөп шықпай, шыққанының өзі күнге күйіп кеткен. Күз ортасына жетсе де мал жаятын жер қалмаған. Қазір Созақтағы көптеген қырат пен жайылым тақыр жерге айналған.

Созақ ауданы, Абай ауылының тұрғыны Мұхамеджан Рыскелдиевтің айтуынша, ауылда жайылым тапшы болғандықтан, ол жаз бойы малын қорада ұстауға мәжбүр болған. Ол аздай, шөптің де бағасы шарықтап, қалтаны қағып отыр. Былтыр келісі 76-80 теңге болған бидай қазір 150 теңгеге дейін жеткен. Бір бума шөптің бағасы 1500 теңге.

«Бұрын шөп пресстерін 350 ден алатын едік. Қазір 1000 теңгенің үстіне шықты. Келуі қымбат болып жатыр. Жерде от жоқ. Қолдан қоректендіріп жатырмыз. Алды өліп жатыр. 5-6 сиыр, 10 шақты қой кетті, жылқыдан кетіп жатыр. Бұл мәселе менде ғана емес. Барлық жерде осындай. Жаз айы мыңнан аса пресс жеп қойды», – дейді ол.

Фото: BM.KZ

Шаруалардың сөзіне сенсек, жылқылардың көбі далада тұра алмай, құлап өліп жатыр. Жануарлар әлсіреп, ит-құсқа жем бола бастаған. Ал қораға әкеліп, шөппен бағып отыруға көптің жағдайы көтермейді. Қазірдің өзінде көп отбасы бір немесе бірнеше жылқысынан айрылған.

«Тау бөктерінде 600 жылқы жатыр. Олардың 80-60 пайызы көтерем. Бір мал күніне 5 мың теңгеге жейді. Қазір үйімде тұр. Өзім күніне 5 мың теңгеге тамақ ішпеймін. Қаншама халық қиналып, қатты жүдеп кетті. Бірінші мал жүдесе, қазақ та жүдейді. Біз жер астындағы уранмен емес, осы ауыл шаруашылығымен күн көріп отырмыз ғой», – дейді ауыл тұрғыны Асылхан Шоңғарев.

Фото: BM.KZ

Созақ ауданы әкімдігі онсыз да сорлап отырған халыққа тағы екі апта күту керектігін айтады. Өйткені, аудан әкімінің орынбасары Серік Мамановтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысымен келіссөз жүргізілген. Сол жақтан арзан жем жеткізілмек.

«Аудан әкімдігі тарапынан арнайы жұмыс тобын құрған. Биылғы қуаңшылыққа байланысты шаруа қожалықтарының төрағаларымен екі рет кездестік. Олар Солтүстік Қазақстандағы орылып жатқан бидай, арпа дегенді сол жақтағы бағамен сатып алсақ деген талап қойып жатыр. Біз тиісті облыстарға шықтық. Ол жақтағылар орым біткеннен кейін бағасы шығатынын айтты. Шаруа қожалықтары тасымалды ұйымдастырып беруді сұрайды. Демеушілер арқылы тасымалдаймыз деп отырмыз. Қолжетімді бағада, шаруалардың сұранысына қарай әкеліп береміз. Негізі бізде кебек те, бидай да, шөп те бар. Бірақ қымбат», – деді Созақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Маманов

Дегенмен, шаруалар жаппай мал қырылуы болмас үшін нақты және жедел көмек қажет екенін айтады. Олар үкімет тарапынан жем, шөппен қаматамасыз етуді сұрайды. Егер мемлекет тарапынан нақты көмек болмаса, қыстыгүні малды аман алып шығу мүмкін болмайын деп тұр.

Нұргүл Ерғалиқызы
BM.KZ
Шымкент

мал шаруашылығы Серік Маманов Созақ шөп

Оқылып жатыр

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Алматы облысында жер сілкінді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қазақстанда халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

Жаңалықтар 9 апреля, 2026

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — Осы күзде елордада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) —…

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

9 апреля, 2026

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

9 апреля, 2026

Қостанайда 3 млрд теңге субсидия жымқырғандар ұзақ мерзімге сотталды

9 апреля, 2026

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

9 апреля, 2026

Елорда көшелерінің бірі екі аптаға жабылады

9 апреля, 2026

Трамп НАТО Бас хатшысы Рюттемен кездесті

9 апреля, 2026

Алматы облысында жер сілкінді

9 апреля, 2026

Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала аман табылды

8 апреля, 2026

Елорда дәрігерлері науқастарды емдеуге бөлінген 675 млн теңгені қалтаға басқан

8 апреля, 2026

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

8 апреля, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.