Сотқа журналистің жиырмаға жуық жақтасы келді. Олар істі ашық өткізуді, Мұхаммедкәрімді босатуды талап етті.
Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, азаптау бойынша іс «дәлел жоқ» деген себеппен тоқтаған. Ол Азаттыққа алдағы күндері іске байланысты шағым түсіретінін айтты.
Жиналғандар Думан Мұхаммедкәрімді сот ғимаратына алып келгенін көрдік, дейді.
Журналист 10 сәуірде аштық жариялаған. Ол өзін Талдықорғаннан Қонаев немесе Алматы қаласына ауыстыруды талап еткен. Адвокаттың айтуынша, оны Қонаевқа ауыстырғаннан кейін аштығын тоқтатқан.
Думан Мұхаммедкәрімге «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйымға қатысты» деген айып тағылды.
Авторы: Азаттық радиосы