Бұл туралы Massaget News жазды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, су тасқынының алғашқы толқыны 25 наурызда басталған. Ал 27 наурызда Амангелді ауылы түгелдей су астында қалған.
Су үйлердің ішіне дейін кіріп кетті. Ауылдағы малдың бәрі суда қалды. Ұсақ қозы-лақтар суға кетіп өліп жатыр. Халық қазір дүрбелең халде. Билік су тасқынына қарсы қауқар істей алар емес. Басты көшелердің бірі Сейфуллин көшесі толықтай суда тұр. Мұнда екі бірдей мектеп орналасқан, — дейді тұрғындар.