• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қостанайда 3 млрд теңге субсидия жымқырғандар ұзақ мерзімге сотталды

Қостанайда 3 млрд теңге субсидия жымқырғандар ұзақ мерзімге сотталды

9 апреля, 2026 АӨК
Фото: BM.KZ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — Қостанай қаласында мемлекеттік субсидияларды жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша үкім шығарылды.

Тергеуді Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізді.

Еске сала кетейік, «Beef Export Group» ЖШС басшысы Пархоменко жетекшілік еткен қылмыстық топ Ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларының қатысуымен, сондай-ақ аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ветеринариялық мамандармен келісу арқылы субсидияларды заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.

— Қаскөйлер ірі қара малды сатып алу және оны қайта өңдеу туралы құжаттарды жалған рәсімдеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде субсидия алып отырған.

Түскен қаражаттар жалған жеткізілген мал үшін төленгендей көрсетіліп, ақпараттық жүйелерге енгізілгеннен кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, кейін жалған өнім үшін төлем ретінде бақылаудағы ұйымдардың шоттарына қайта аударылған.

Іске заңды түр беру мақсатында жалған бухгалтерлік құжаттар рәсімделіп, олардың негізінде субсидия алуға қайта өтінімдер беріліп отырған, — делінген ҚМА хабарламасында.

Салдарынан мемлекетке 3 млрд теңгеден астам залал келтірілді.

Тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңгеден астам қаражатты ерікті түрде өтеді.

Айта кету керек, мұндай қылмыстар аграрлық секторды мемлекеттік қолдау жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, адал кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндіктерін шектейді.

Сот үкімімен ұйымдастырушы Пархоменко А.Г. 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық топтың 14 қатысушысына 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, жалпы құны 3 млрд теңге болатын мүлік, оның ішінде 1,3 млн АҚШ доллары және 700 млн теңге тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ақша Қостанай облысы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыс мал шаруашылығы субсидия

Оқылып жатыр

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

Басты тақырып 9 апреля, 2026

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — 2026 жылғы наурыз ҰБТ-сынан 179 мыңға жуық адам өтті. Талапкерлердің…

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

9 апреля, 2026

Қостанайда 3 млрд теңге субсидия жымқырғандар ұзақ мерзімге сотталды

9 апреля, 2026

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

9 апреля, 2026

Елорда көшелерінің бірі екі аптаға жабылады

9 апреля, 2026

Трамп НАТО Бас хатшысы Рюттемен кездесті

9 апреля, 2026

Алматы облысында жер сілкінді

9 апреля, 2026

Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала аман табылды

8 апреля, 2026

Елорда дәрігерлері науқастарды емдеуге бөлінген 675 млн теңгені қалтаға басқан

8 апреля, 2026

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

8 апреля, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.