ҚР Премьер-Министрі коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажеттігі туралы:
Олжас Бектенов Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеуді айтарлықтай арттырудың маңыздылығын атап өтті:
«Осындай жобаларды іске асыру кезінде кәсіпорындарды экономикалық жағынан ынталандырудың тиімді тетіктері енгізілуі қажет. Оның үстіне, коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу мен сұрыптау жобалары 15 жылға 3% жеңілдікті мөлшерлемемен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылатын болады», — деді Премьер-Министр.