ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов инвесторларға үндеу жасады:
ҚР Үкіметі отандық және шетелдік бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі.
Қазақстан тұрақты түрде ұзақ мерзімді инвестициялар ағыны үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылуда.
Үкімет Қазақстанда заманауи жоғары құнды өндіріс орындарын ашуға, технологияның дамуын ілгерілетуге және инновациялық кәсіпорындар құруға бағытталған әрбір ірі инвестициялық жобаға қолдау көрсетуге кепілдік береді.
Инвесторларға инфрақұрылымдық, консультативтік қолдау және өнімдерін өткізуге көмек көрсетіледі.
«Сіздер мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай қысым көрмейсіздер. Оған ешқандай күмән болмасын. Керісінше, Үкімет сіздерге сенімді әрі ашық әріптес болады».
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды