• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Құлсарыдағы су тасқыны: шындық пен сұмдық

Құлсарыдағы су тасқыны: шындық пен сұмдық

10 мая, 2024 Оқиғалар

 

Осыдан 31 жыл бұрын Құлсарыға келген алапат су тасқыны мыңнан аса үйді бір мезетте басып қалып, адамдар бос тұрған биік ғимараттарға тығылып жан сақтаған деседі. Ол кезде коммуникация дамымаған кезең болғандықтан шығар, Құлсарыдағы бұл оқиға тарихтың тереңіне үнсіз ғана сүңігіп кетіп, артында қалған адамдардың арасында естелік күйі қалып еді. Алайда, топан су 2024 жылы жылы қайта тірілгендей болды. 5 сәуір күні Атырау облысына қарайтын 60 мыңнан астам тұрғыны бар Құлсары қаласын Жем өзенінің жағасынан асқан су басып, қаланың жартысы көшуге мәжбүр болды.

Бір айға жуық уақыт өтсе де, қаланың кей бөлігін әлі су басып жатыр. Су кетпеген аумақтар қоқыс пен жағымсыз иістен зардап шегіп жатса, су кеткен үйлер бағалау комиссиясын күтіп отыр.

Облыстық мәслихат депутаты Сырымбек Сәрсенбаевтың «Власть» ақпарат агенттігіне берген сұқбатында: «4 сәуірде өзіміз әрекет ете бастадық. Ақсақалдар батасын берді. 200 шақты жігітті жинадық. Түнгі кезекке бөліп қойдық, біреуі сигналға жауапты болды, бірі көлікті айдауға, үшіншісі шатырға жауапты, төртіншісін күзетке қойдық», – деп түсіндірді ол.

Олар үйінен құм тасып, жеке құрал-жабдықтары мен көліктерін қолданған, жергілікті кәсіпорындар да көмек жіберген. «Бесі күні эвакуация болды ғой, жігіттер отбасын апару үшін Ақтау, Бейнеу, Боранқұл, Теңізге кетті. Біз жеті жігіт болып қалып, әлсіз жерлерге су өтпес үшін қапшықпен жаптық. Таңға дейін соны жасадық. Сосын жігіттер келіп, бізді ауыстырды», – дейді Сәрсенбаев. Мұнда келген суды ұстап қалудың арқасында мыңдаған адамды құтқарып қалдық дейді, себебі бұдан әрі жетінші ықшамаудан орналасқан. «Мұнда үлкен апат болар еді. Жан-жақтағы ауылдың жігіттері де қорғады. Суға кеткен де, кетпеген де аудандағы жігіттердің еңбегі адал. Табиғи апат болса да, оның алдын алуға болады. Егер қала билігі ескерткенде, халық мұнша ашуланбас еді. Олар соңына дейін “бәрі бақылауда” деп келгеніне ренжиді», – дейді Сәрсенбаев.

Ал астанаға арнайы келіп «Baimedia» арнасына сұқбат берген «Байтақ» жасылдар партиясының саяси кеңес мүшесі Медетқали Нұрғазы өз сұқбатында « Құлсарыға көл көшіп келгендей болдық. Су келгенде ғана дабыл қағылып, халық әбігерге түсіп кетті.  Қала халқы жанталасып үдере көше бастады. Жем  өзенінінен келетін су Ақтөбедегі үш коммерциялық плотиналар жарылып, көпірлерді жарып өткенін бізге сол жақтың тұрғындары хабарлады. Қаланың азаматтары тез жиналып бөгеттер тұрғыза бастады. Алайда ертеңінде келген әскерилер бөгеттерді әскеридер бұза бастағанына таң қалдық» дейді. Кейіннен сұқбат «Baimedia» ютуб арнасына шыққан кейін Құлсарыдан Медетқали мырза хабарласып, әкімдіктің астанаға барып жалған ақпарат беріп қайттың деп жатыр деген соң, біздің тілшілер шұғыл түрде Құлсарыға аттанып, мән-жайды өз көздерімен көріп, халықпен кездесіп қайтты. Бұл туралы ютуб арнамызда «Әкімдікті түгелдей алып тастау керек» деген тақырыпта үлкен материал жарияланған болатын. Иа, әлімжелінің артында отырып алып, түрлі пкірлер жазу оңай. Сондықтан да біз жағдайды ушықтырмай, тек ғана ақиқатты айтуды ғана көздеген едік. Құлсарыға келген ағын су жылда әдеттегідей төтенше жағдайға «сақадай саймыз» деп үйренген шенеуніктердің өтірігін әп-сәтте шығарып тастады. Тіпті су тасқыны кезінде ажал құшқан азаматтарды төтеншілктер емес, туыстары тауып алғандығын да айтты. Бар-жоғы екі тесік қайықты халықтың өзі жөндеп, кезекпен жүзуге мәжбүр болды. Абдырап қалған халық,  ажал құшқан алты адам, жарылған дамбы, су толған көшелер мен үйлер мыңдаған отбасының алдағы жоспарларын тас-талқан етті. Абыр-сабырда әкім кінәлі деді, әкімі халық Казгидормет кінәлі деді. Казгидормет су жаңа су және ирригация кінәлі десіп бөрінің бір жеріндей шулап кетті. Ақыры Президент алты әкім мен министрге «қатаң сөгістен» қадап тастаған соң, судан шыққан суырдай боп, жуаси қалған шенеуніктер самолеттеріне міне сап Құлсары, Атырау, Ақтөбе, Орал деп тартты. Бірақ бәрі кеш еді. «Қыста жүрер шанаңды, жазда дайында» деген дана халықтың мақалы қаперіне кірмей, міңберге шығып сөйлетін су жаңа костюмін, су етікке айырбастаған әкім қаралар жанталасты. Баспанасы су астында қалып, дүние-мүлкінен жұрдай болған халықты мектептерге, балабақшаларға орнатып әлек болды. Қағазда баяндалған қаншама құтқару орындары, қағаз күйінде суға батып кетті. Алдымен халықты «Маяк» плотинасы жарылды деп үрейлендірді. Артынша оның жарылмағаны белгілі болды. Іргедегі Ақтөбелік шенеуніктерде Құлсарыға келуі мүмкін деген судың болжамын ескертпеді деген де сыбыстар тарап үлгерді. Әйтеуір бүкіл ел болып жұмылып, құтақрау жұмыстарына атсалысты, көмектерін жіберді. Тіпті көршілес қырғыз, түрік, өзбек бауырларымызда қиын-қыстау кезде қазақпен бір екенін дәлелдеп берді. Еліміздегі «Аманат», «Байтақ» сынды партиялар миллиондаған тенгенің көмегін аттандырды. Сөзбен емес, іспен көрсетті.  Ал сайлау уақытында ауылым-ай деп зар жылап, кейін қоя қоятын «Ауыл», «Халық партиясы»,  «Ақжол», «Республика» партиялар үнсіз қалды. Қазіргі Құлсарының ахуалына алаңдаған билік өкілдері халыққа қаржылай көмек берудің сыртында, баспанамен қамтамасыз ету мәселесін де шұғыл қолға алды. Президенттің тапсырмасымен күзге дейін су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғынға көмек көрсетілетін болды. Жақсы. Мемлекет бар кезде ол өзінің халқын жалаға тастамасы белгілі. Қазіргі таңда су басқан қаланы тазалау, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Біз күнделікті ақпарат алып, су тасқыны болған Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе өңірлерінің жаңалықтарын үнемі бақылап отырмыз. Бұдан шығар қортыныды қандай болмақ? Қандай апат келсе де халық өзін-өзі құтқарады. Отыз жылдан астам өтірік баяндамалар мен статистикаға сүйеніп келген мемлекеттік басқару жүйесі өзгеріп, халықпен қоян-қолтық араласып жұмыс істей алатын жаңа жүйе керек екені бесенеден белгілі болды. Қазақстанның өрт, су, желден т.б келетін табиғи апаттарға дайындығын күшейтіп, бұл салаға қаражат құю қажет екендігі анықталды. Ең қызығы су мәселесін реттей министрлік болғанымен су саласын жөндейтін, болжайтын, талдайтын мамандардың жоқтығы белгілі болды. Ал білетін мамандардың сын, есркетпелеріне құлақ түрмегендердің әрекетінеге әкелгенін барлығымыз көрдік. Қашанда қандай қиындық, зұлмат болса қара халық көретіні хақ. Құдай одан сақтасын. Бірақ тар жол тайғақ кешуде халықты билік емес, билікті халық құтқаратыны белгілі болып отыр. Береке, бірлігіміз арта берсін!

 

Асылбек Байжұмаұлы

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.