Қырғызстан сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын аса қажет болмаса Ресейге бармауға шақырды. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қырғызстан сыртқы істер министрлігі консулдық департаментінің басшысы Бақыт Қадыров айтқан. 22 наурызда Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залына жасалған шабуылдан соң Ресейде мигранттарға қысым күшейген. Шенеуніктің айтуынша, Ресей билігі елден кетіп және келіп жатқан азаматтарды қатаң тексере бастаған. «Қазір Ресей антитеррор шараларын жүргізіп жатыр. Елден шыққан, кірген азаматтарды шекарада тексеру күшейді. Сондықтан елшілік Ресейге кіруді алдын ала жоспарлауға, қажет болмаса Ресейге бармай тұра тұруға шақырады. Антитеррор шаралары қанша уақытқа созылатыны туралы ақпарат жоқ. Кей азаматтар «қара тізімде» бар не олар құқық бұзған болса, елге кіргізілмейді» деді Қадыров. Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы күндері тексеру және заңсыз ұстау фактілері көбейді деп шағым айтып жатқандар көп.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады