Қырғызстанда Сырдарияға құятын өзенге уран қалдықтары бар жүк көлігі құлады
Оқиға 1 маусым күні болған. «Росатом» компаниясына тиесілі жүк көлігі Мың-құс маңында сайға құлаған.
Жергілікті басылымдар көліктен қою сұр түсті топырақтың төгіліп жатқанын жазды.
Kloopnews дерегінше, жүк көлігі «Тұйық-Су» қоймасынан уран қалдықтарын тасымалдайды.
Қазір апатты арнайы комиссия тексеріп жатыр. Комиссия қорытындысы 15 күнде дайын болады.
Бұл апат салдарынан Қырғызстан ғана емес, Қазақстан мен Өзбекстан тұрғындарына да қауіп төніп тұр.
Басты себеп — Мың-құс өзені Нарынға, одан Тоқтоғұл су қоймасына, кейін Сырдария өзеніне қосылады.