Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, 3 оқушыға ота жасалды, деп жазды @Sputnik_Kyrgyzstan.
20 бала ауруханада жатыр, оның 5-уі ауыр халде жансақтау бөлімінде.
Садыр Жапаров өз қорынан ауыр жарақат алған әр балаға 200 мың сом, ал қалған зардап шеккендерге 50 мың сом бөлуді тапсырды.
Кеше Қырғызстанда балмұздақ сататын көлік балаларды қағып кеткені хабарланған болатын. Оқиға Созақта бұқаралық шара кезінде болды.