Қырғызстаннан келген шиелерден қауіпті инфекция табылды
Зарарлы шие Жамбыл облысының Қырғызстанмен шекарасында орналасқан «Қарасу» фитосанитарлық бақылау бекетінде анықталды.
Карантиндік зертханалардың қорытындысына сәйкес, Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан екі вагонға тиелген (20,5 тонна және 18,8 тонна) 900 келі шиеден азиялық жидек дрозофиласы табылған.
Әрбір өнім иесіне 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұзылған шие Қырғызстанға қайтарылды.
Азиялық жидек дрозофила (Drozophila suzukii) – Қазақстан Республикасында карантиндік маңызы бар кең таралмаған карантиндік нысан. Бұл зиянкестер жүзім, құлпынай, шабдалы, өрік, шие, таңқурай және т.б. сияқты жеміс-жидек дақылдарының 60-қа жуық түрін зақымдайды.
BAIMEDIA14:47