Астана. 16 ақпан. BM.KZ — 16 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының тоғызыншы жарыс күні басталды.
Бүгін 6 қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
14:00 — тау шаңғысы, слалом (ерлер)
Қатысушы: Ростислав Хохлов
15:00 — шорт-трек, 500 м (ерлер), 1000 м (әйелдер)
Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова
23:00 — шаңғымен тұғырдан секіру, командалық жарыс
Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев
