Қытайда алғаш рет адамға шошқаның бауыры сәтті трансплантацияланды
Бауыр жеткіліксіздігімен ауырған науқастың миы ғана өлген. Сол себепті генетикалық түрлендірілген шошқа бауырын салып көрді.
Қытай әскери-әуе күштері медициналық университетінің зерттеушілері адамның өз бауырын шошқа органымен біріктіріп, көмекші трансплантация жасады. Өйткені шошқа бауыры адамның бауырын толығымен алмастыра алмайды. Ота нәтижесінде 96 сағат ішінде жаңа органнан қан мен өттің кетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
Қытайда бауыр ауруымен 400 миллионға жуық адам ауырады. Қытайлық дәрігерлердің зерттеулері донорлық органдардың жетіспеушілігін жеңілдетіп, ауруды жеңудің жалғыз жолы трансплантация болып табылатын науқастарға көмектесе алады.