• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қызылордадағы жаңа стадион жақын арада пайдалануға беріледі

Қызылордадағы жаңа стадион жақын арада пайдалануға беріледі

28 июля, 2025 Жаңалықтар
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Астана. 28 шілде. BM.KZ – Мемлекет басшысы биыл Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында халықтың спорттық инфрақұрылымдарға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыс орталықтары мен аудандарда заманауи стадиондар мен спорт кешендерін салу мәселесіне ерекше тоқталған болатын.

Бұл ретте Ел Президенті және Үкіметтің ерекше қолдауымен аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен былтыр Қызылорда қаласының сол жағалауында құны 20,9 млрд теңгені құрайтын 11 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталған болатын. Бас мердігер — «ВД Строй Инжиниринг» ЖШС. Стадионның жалпы ауданы – 19 942,9 шаршы метр.

Бұл стадион халықаралық стандарттарына сай салынып жатқандықтан әлемдік додаларды жоғары деңгейде өткізуге мол мүмкіндік береді.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бірегей нысанда жасыл алаңнан бөлек, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған бокс залы, күрестің үш түріне арналған атап айтқанда дзюдо, грек-рим, еркін күрес залы, фитнес залы, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетика залдары қамтылатын болады. Аталған спорттық залдар жыл он екі ай көлемінде спорт сүйер қауым үшін сапалы қызмет ететін болады.

Жаңа стадионның тағы бір ерекшелігі – УЕФА Классификациясы бойынша ІІІ санатты. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі «Фелипс» компаниясының өнімдері арқылы жарықтандырылатын болады. Бұл өз кезегінде, түрлі деңгейдегі мәдени-спорттық іс-шараларды және футбол матчтарын жоғары деңгейде өткізуге мол мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, жанкүйерлерге арналған «Қайсар» футбол клубының жабдықтарын сататын арнайы дүкен және дәмхана қарастырылмақ.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Стадиондағы жасыл алаң облыстың климаттық ерекшелігі ескеріле отырып, озық технологиялардың көмегімен төселетін болады. Тиісінше, жасыл алаңға керекті шикізат көлемі дамыған озық мемлекеттерден әкелінді. Сондай-ақ, ойыншыларға қолайсыздық тудырмау мақсатында футбол алаңының астыңғы қабатына жылыту желілері жүргізілді, бұдан кейін жасанды көгалдың астына 2 см болатын «shockpad» амортизациялық төсем қапталады. Бұл технология «Astana Arena» және Қызылордадағы жаңа стадионда ғана енгізілген. Осылайша заманауи үлгіде жабдықталған 11 мың орындық жаңа стадион халықаралық жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік береді.

Аталған нысанды осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Оқылып жатыр

Иманбек «Құрмет» орденінің иегері атанды

ШҚО-да Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін басқарма басшысы қызметінен кетті

Жетісуда мектептердің жертөлесінде оқушы денсаулығына қауіпті қалдықтар сақталып келген

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Иманбек «Құрмет» орденінің иегері атанды

Басты тақырып 8 декабря, 2025

Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — «Грэмми»  жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен…

1 мыңнан аса техника және 3 мың жұмысшы қар басқан елорданы тазартып жатыр

8 декабря, 2025

ШҚО-да Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін басқарма басшысы қызметінен кетті

8 декабря, 2025

Жетісуда мектептердің жертөлесінде оқушы денсаулығына қауіпті қалдықтар сақталып келген

8 декабря, 2025

Атырау облысында аңға шыққан ер адам абайсызда оққа ұшты

8 декабря, 2025

Чернобыль АЭС-нің қаптамасы дрон соққысынан кейін радиациядан қорғауын тоқтатты

8 декабря, 2025

600 млрд теңгелік заңсыз құмар ойын схемасы бойынша тоғыз адам қамауға алынды

8 декабря, 2025

Мен қазақ үшін жаны ауыратын жанкүйер жинаппын – Жәнібек

8 декабря, 2025

Трамп Зеленскийден көңілі қалғанын айтты

8 декабря, 2025

Сапасыз косметологиялық қызмет: салон қостанайлыққа 1,2 млн теңге қайтарды

8 декабря, 2025

«Олимпиакос» командасының ойыншылары Астанаға келді

8 декабря, 2025

Астанада дәмханадан шыққан өрт толық сөндірілді

8 декабря, 2025

Қазақстанда 10 мыңнан аса жұмыскерге 2,6 млрд теңгенің жалақысы төленбей қалған

8 декабря, 2025

Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам көз жұмды

8 декабря, 2025

Елорданың Байқоңыр ауданында бір қабатты павильон өртеніп жатыр

8 декабря, 2025

Ақмола облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқарып жүріп қаза тапты

8 декабря, 2025

Бенинде мемлекеттік төңкеріс болды

7 декабря, 2025

Грузияда қазақстандықтар мұнайды заңсыз сатқаны үшін ұсталды

7 декабря, 2025

Таэквондошы Батырхан Төлеуғали U21 санатында әлем чемпионы атанды

7 декабря, 2025

«Нарынқол» шекара заставасында өрт шығып, әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты

7 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.