АЭС салу мәселесі бойынша өткен референдумның алғашқы нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.
Барлығы 7 820 918 қазақстандық Атом электр стансиясының құрылысына байланысты референдумға қатысып дауыс берген. Пайызға шаққанда бұл Қазақстандағы барлық сайлаушылар санының 63,87% құрайды.
Орталық референдум комиссиясының айтуынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20:00-гі жағдай бойынша азаматтардың өңірлерді азаматтардың келуі мынандай:
Абай облысы 69,57%
Ақмола облысы 71,63%
Ақтөбе облысы 75,11%
Алматы облысы 68,71%
Атырау облысы 63,28%
Батыс Қазақстан облысы 67,03%
Жамбыл облысы 61,28%
Жетісу облысы 68,01%
Қарағанды облысы 72,12%
Қостанай облысы 73,45%
Қызылорда облысы 82,48%
Маңғыстау облысы 54,03%
Павлодар облысы 65,09%
Солтүстік Қазақстан облысы 66,31%
Түркістан облысы 71,31%
Ұлытау облысы 70,69%
Шығыс Қазақстан облысы 73,79%
Астана қаласы 50,81%
Алматы қаласы 25,39%
Шымкент қаласы 70,57%
Референдумның алдын-ала қорытындылары ертең арнайы брифингте хабарланады