Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, Ресей Тергеу комитетінің өңірлік тергеушілері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
«Северсталь» компаниясының құрамына кіретін Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында қызметкерлер екі қазақ азаматының денесін тапқан.
Олардың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.
«Бүгін, 14 қаңтарда, ЧерМК өндірістік алаңы аумағында мердігер ұйымдарда жұмыс істеген Қазақстанның екі азаматы өлі күйінде табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергеліп жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Марқұмардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», — деп хабарлады «Северсталь» компаниясы.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда, Ресей Тергеу комитетінің өңірлік тергеушілері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
