Ресейде соғыс басталғанда, бірқатар млрдерлер Ресейден кетті. Көбі уақытша, ал кейбірі біржолата кетіп, басқа елдің азаматтығын алды.
Солардың бірі Турлов болатын. Ол қазір Қазақстан азаматы. Ресейден кетіп, бізге келіп, капитал салуда. Бірақ Ресейде сол Турловқа қысым артқан сыңайлы.
Нижегород обласының соты Турловтың 18,95 млн еуро тұратын мүлкі мен 2,05 млн долларын бұғаттап тастапты. Бұны Ресейден активтерін шығарғаны үшін жасаған дейді ақпарат көздері.
«Бұл нағыз абсурд жағдай және бұл жағдайды біз құқықтық негізде шешуге тырысамыз. Біл іс жайлы менің өзім өткен аптада БАҚ беттерінен білдім. БАҚ-та жазылып жатқан ресейлік банкке қатысым жоқ. Қандай жағдай болса да, бұл біздің халықаралық деңгейдегі бизнесіміз бен Қазақстандағы жобаларымызға әсері тимейді, өйткені холдингтің Ресейге қатысы жоқ», — дейді Турловтың өзі.
Сарапшылар Турловқа ашылған іс оның соғысқа қарсы позициясы мен Ресейден капиталын әкеткені үшін Кремль тарапынан жасалған қысым дейді. Дәл осындай қысымды Тиньковқа да жасаған болатын. Тиньковтан ерекшелігі Турлов Ресейдегі бизнесін толық сатып кеткен, азаматтығын ауыстырып тастаған және өзін Ресеймен мүлде байланыстырмайды.
Турлов Қазақстан азаматтығын алу үшін Ресей және Сент-Китс және Невис азаматтығынан бас тартты. Оның осы әрекеті де ресейлік тараптың қудалауын арттырды дейді кей сарапшылар. Соғыс басталғаннан кейін Ресей азаматтығынан 7 млрдер кеткен, соның бірі осы Турлов.