«Бұл, шын мәнінде, ақырзаманның бір түрі». РФ Алтай аймағында 500-ге жуық ғимаратты су басқан. Су тасқынының салдары қандай болады?
Су тасқыны наурыз айының соңында басталды. Өңірде төтенше жағдай режимі енгізіліп, көшуге мәжбүр болған тұрғындарды уақытша орналастыру орталықтары құрылды. Алтай өлкесінің билігі алапат су тасқыны қыстағы ауа райының қалыптан тыс жағдайларынан болғанын айтты.
«Басында қар өте аз жауды, қатты аяз болды, жер әдеттегіден 50-70 сантиметрге, ал кей жерлерде 1-1,2 метрге қалың қатты», — деді губернатор Виктор Томенко.
Одан кейін жылы ауа райы күрт аязға ауысты дейді ол.
«Мұз қыртысы қалыңдап, жер бетінде қалың тоң қабат пайда болды, ол судың сіңуіне жол бермейді», — деді Томенко.