Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Түркияда өткен халықаралық турнирде үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ризабек Айтмұхан Түркиядағы Яшар Догу және Вехби Эмре халықаралық турнирінде бақ сынап, қола жүлде жеңіп алды. Жаңа салмақтағы алғашқы халықаралық турнирінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда әлем чемпионы Ахмед Тажудиновтан ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Яшар Догу және Вехби Эмре рейтингтік турнирінде ел намысын қорғаған еркін күрес шеберлерінің ішінен жалғыз Ризабек жүлделі орыннан көрінді.