Рубльдің құлдырауы жалғасуда: АҚШ Мәскеу биржасына қарсы санкциялар енгізді
АҚШ-тың Мәскеу биржасына қарсы жаңа санкцияларының енгізілуімен байланысты Ресей рублі айтарлықтай құнсызданып жатыр. Мәскеу биржасы өздерінің валюта бөлімінде АҚШ доллары, еуро және Гонконг долларымен сауда жасауды тоқтатқанын ресми түрде хабарлады.
Бұл жағдай Ресейдің ішкі нарығында да көрініс табуда. Ақша айырбастау пунктерінде АҚШ доллары мен еуроның сатылым бағасы 200 рубльге дейін көтерілді, ал сатып алу бағамы 50 рубльге дейін төмендеді. Бұл айырмашылық валюталық нарықтағы тұрақсыздық пен белгісіздіктің айқын көрсеткіші болып табылады.