«Рудный мектептеріне шабуыл жасалады». Полицейлер түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Қостанай облысы Рудный қаласындағы мектептерге шабуыл жасалады деген хабарлама тарады.
Таратылған хабарламада қаладағы үш мектепке шабуыл жасалатыны жазылған. Сондай-ақ шабуылды жасамас үшін жалған ақпарат таратқан адамның шотына 15 млн теңге аудару керек екені де айтылған.
Қостанай облысы Полиция департаменті жалған ақпарат таратқан тұлғаны іздестіріп жатқанын мәлім етті.
Құқыққорғау органдары арандатушылыққа бой алдырмауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Сондай-ақ осындай хабарламаларды таратпауды сұрады, — делінген хабарламада.