Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке тап келді.
Азулы қарсыластар осыған дейін өзара 11 рет кездесіп, соның алтауында Швентек жеңген еді.
Бұл жолы теннисшілер ойынды брейк алмасумен бастады. Дегенмен есеп 6:5 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 7:5.
Екінші сетте Елена бірден алға кетті – 2:0. Содан кейін бет қаратпай, матчты эйспен түйіндеді – 6:1.
Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Швентек 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 4-ракеткасы Аманда Анисимова немесе рейтингіде 6-орындағы Джессика Пегуланың жеңгенімен таласады.
