Кеше әлеуметтік желіде Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен сәбидің жол ортасына түсіп қалғаны түсірілген видео тараған еді. Қалалық полиция басқармасы көлік тізгіндеген келіншектің жеке-басы анықталғанын хабарлады, деп жазады Баймедиа.кз ақпараттық порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.
Осы оқиғаға байланысты жүргізушіге қатысты «Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын орындамау» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 18 480 теңге айыппұл салынған.