KAZINFORM – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш шартты түрде 8 жыл мерзімге сотталды.
Бұл туралы агенттікке дереккөзден хабарланды. Сот отырысы жабық режиме өтті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Осыған дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.