• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Сарапшы: Қазақстандағы Пентагонның биозертханалары туралы ақпарат жалған

Сарапшы: Қазақстандағы Пентагонның биозертханалары туралы ақпарат жалған

29 февраля, 2024 Ғылым

Еліміздегі Пентагонның биозертханалары туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Зәуреш Жұмаділова мәлімдеді.

Қазақстанда ешқандай да америкалық биозертхана жоқ. Біздің барлық зертханаларымыз – қазақстандық. Олар баршаға ашық, яғни онда келуге болады. Екінші мәселе, ол Қазақстан Республикасындағы биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құзыретті орган – елдегі бүкіл осындай зертханалар желісін бақылайтын Денсаулық сақтау министрлігі арқылы аккредиттеудің белгілі процедураларын өту қажет. Біз шетел азаматтарының отандық ғылыми-зерттеу нысандарымызда еркін жүруіне жол бере алмаймыз. Бұл туралы бұған дейін де бірнеше рет айтылды, алайда осы мәселе қайта-қайта көтеріле береді. Мен бұл кейбір блогерлердің осындай жалған ақпараттарды тарата отырып, хайп қуғылары келеді деп ойлаймын, — деді Зәуреш Жұмаділова.

Мұндай пікір Бішкекте өткен «Орталық Азия мемлекеттеріндегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен эпидемиологиялық жағдайды бақылаудағы әріптестік перспективалары» пікірталасы барысында айтылды.

Пікірталасты «Ой Ордо» сараптамалық бастамалар орталығы ұйымдастырған.

Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Байқадам Құрамаев Қазақстан билігінің ұстанымын алға тартып, қазақстандық зертханалардың бүкіл қызметі бейбіт сипатқа ие екендігін атап өтті.

Пандемия жағдайы Орталық Азия мемлекеттеріне санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін даңа экзотикалық және «қолдан өсірілген» вирустарды қосқанда, аса қауіпті инфекцияларды анықтау үшін техникалық мүмкіндіктерге ие болу қажеттігін көрсетті. 2020 жылдағы секілді қауіпті инфекциялардың трансшекаралық деңгейде жылдам таралу қаупі әлі де бар, оның үстіне, өңір мемлекеттері арасында жүздеген мың азамат күн сайын көрші елдерге сапар шегетінін ескеру керек, — деді Құрамаев.

Сондай-ақ айтуынша, Қырғызстан үшін биоқауіпсіздік бойынша заң жобасын қабылдауға қатысты жұмыс жүргізілуде, осы орайда Қазақстанның тәжірибесі мен әріптестік маңызды.

Көптеген зерттелген инфекциялар ешқайда кеткен жоқ, олармен бірге жаңа патогендер пайда болады. Іс жүзінде олардың барлығы үлкен пандемиялық әлеуетке ие болуы мүмкін. Біз осыған дайын болуға тиіспіз, — деп түсіндірді Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық карантиндік және аса қауіпті инфекциялар орталығы директорының орынбасары Нурболот Үсенбаев.

Зәуреш Жұмаділова өз кезегінде адамзат үнемі түрлі биологиялық қатерлермен күресіп келе жатқанын, көптеген вирус бұрыннан белгілі әрі жақсы зерттелгенін, бірақ жаңа вирустар да пайда болатынын ескертті.

Халыққа қатер әлі де бар. Біз биологиялық қатердің алдын алу тұрғысында Орталық Азия мемлекеттерімен белсенді жұмыс істеуге дайынбыз, — деді сарапшы.

Айтуынша, Қазақстанда зертханаларда апат орын алған жағдайда да, сонымен қоса, ТЖ кезінде жазатайым жағдайлар, мысалы, жер сілкінісі немесе биологиялық нысанды бұзылуы мүмкін су тасқыны сынды жағдайларда әрекет етудің қажетті регламенттері мен механизмдері бар екендігін мәлім етті.

Бізде трансшекаралылық аспектілігін ескере отырып, сондай қауіпті жағдайлардан шығудың ықтимал жолдары мен тәуекелдерін бағалау әдісі бар. Еліміздегі барлық патогендер екіжақты тағайындау тауарларының тізіміне енгізілген, сәйкесінше, олардың кез келген жерге орын ауыстыруы мемлекеттік органдар тарапынан лицензиялануы тиістігін айта кеткен жөн. Яғни лицензия алу үшін қандай да бір биологиялық материалды пайдалануды тағайындау алға тартылады және лицензия талаптары бұзылса, санкциядан бастап қылмыстық тергеуге дейін қарастырылады, — дейді Жұмаділова.

Жамбыл облысы Гвардейский кентінде BSL4 деңгейіндегі биозертхана құрылысына қатысты сұраққа жауап бере отырып, ол құрылыстың басталғанын растамады. Бірақ қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты бірінші топтағы вирустардың патогендеріне зерттеу жүргізе алатын зертханаларын желісін дамыту қажеттілігі туралы мәселе барын еске салды.

Бұл елдің биоқауіпсіздігіне қатысты стратегиялық тұрғыдағы мәселе. Бұл перспективалық бағыт, бірақ Қазақстанда ол әзірге жүзеге асырылған жоқ. Бұл айтарлықтай қымбат, — деді спикер.

Кез келген зертхананың құрылысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қарастыратын алдын ала жоба бойынша жүзеге асырылады деп отыр.

Сондықтан егер Қазақстан күндердің күнінде ондай деңгейдегі зертхананы салатын болса, ол тіпті ұлттық емес, халықаралық стандарттар бойынша салынады. Өйткені ол барынша жоғары тәртіппен жүргізілетін болады және сәйкесінше, ол жерде тәуекел деңгейі де жоғары болары сөзсіз. Мысалы, Алматыдағы Орталық референс зертханасының сейсмотұрақтылығы қауіпсіздіктің үшінші деңгейімен 9 балға есептелге, яғни ең қуатты жер сілкінісі орын алған жағдайда ол құлап қалмайды. Сондықтан егер BSL4 зертханасы салынатын болса, барлық сақтық шаралары қарастырылады. Көптеген елдерде ондай деңгейдегі зертханалар бар, бірақ ол көрші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейді деп ойлаймын. Өйткені бұл жағдайда олар бірінші кезекте өздері орналасқан елге қауіп төндірген болар еді. Сондықтан кез келген қауіпті нысанның құрылысын кез келген мемлекет биоқауіпсіздіктің бүкіл қатерлерін ескере отырып жүзеге асырады. Демек, бұл тәуекелдің барлығы жобаны әзірлеу процесінде барынша азайтылады, — дейді Зәуреш Жұмаділова.

baq.kz

Оқылып жатыр

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Жаңалықтар 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды туризмді дамытуға туристерге арналған инфрақұрылымның…

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.