Елімізде орын алған су тасқыны көптеген кемшіліктердің бетін ашуда. Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, белгілі ғалымдар мен сарапшылармен бірлесіп, Экология және табиғи ресурстарды қорғау, су және ирригация министірліктеріне қаншама ұсыныстар енгізіп, дабыл қаққанымен тыңдар құлақ болмады. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Азаматхан мырза сүбелі ұсыныстар айтты. Тіпті Президент кері қайтарып тастаған «Су кодексін» қараған Су және ирригация министрлігі «өзім білемге» салынды. Алғашқы су тасқыны басталысымен орталық мемлекеттік органдар жұмыстарының қателіктері белгілі бола бастады. Қоғам үніне құлақ асып, білетін мамандарды тыңдамай, бюрократизмге жол беру бізде отыз жылда қалыптасқан үрдіс. Бұл сеңді бұзу қиынға соғып отырғандығы шындық. Тіпті су тасқындарының алғашқы күндері-ақ қыстай шығарылмаған қар суларының еріп, ауыл ішіне жайыла бастағанда «Байтақ» жасылдар партиясы дабыл қақты. Өкінішке орай, жағдайдың мұншама ушығатынын болжамаған, болжағандарды тыңдамаған әкім, қаралар мән бермегені анық. Жылдар бойы бекімеген дамбылар, су тасқынын тоқтатуға арналған бөгеттер мен жөнделмеген әрі жекеменшікке беріліп кеткен су қоймалары,су саласының мамандарымен қамтылмаған бассейіндік инспекциялар т.б проблемалар су тасқынымен бірге су бетіне қалқып шыға келді. Президент айтса ғана жанталасып қозғалатын ақжағалылар үшін сабақ болды десек те болар. Астанада «Байтақ» жасылдар партиясы өткізген су тасқынының алдын-алуға арналған конференцияда жиналған ғалымдардың тұщымды ойлары мен ұсыныстары көптеген жылдар бойы құзырлы органдардың құлағына жетпей келгені шындық. Ақыры Бас прокуратура іске кірісіп, елді-мекендерді су алу, жолдардың бұзылып, көпірлердің қирауы және гидротехникалық нысандардың жұмыс істемеуінің себеп, салдарын анықтауға кірісті. Сонымен қатар су тасқынының алдын-алуға арнайы бөлінген қаржының жұмсалуын да тексереді. Тексеріс нәтижесі бойынша әрбір өкілетті органның қызметіне тиісті баға беріледі. Қазіргі таңда Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейіңгі тергеп, тексеру амалдары жүргізіле бастады. Өз істеріне немқұрайлы қарағандардың әрекеті мемлекеттік және жекеменшік нысандарға әкелген орасан зор зиянына әкелді. «Байтақ» жасылдар партиясы экология және қоршаған ортаны қорғау саласында қашанда құнды ұсыныстарымен құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс жасауға дайын. Партияның ұстанымы «Барлығы ел үшін!». Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, су тасқынын да еңсерерміз. Бірақ көзге көрінген және көрінбей қалған экологиялық апаттың салдарымен күресу жұмысы әлі алда екені хақ.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды