әуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) Атқару комитеті Бас хатшысының орынбасары қызметіне Дәурен Абаевтың орнына қазақстандық дипломат Нұрлан Сейтімов тағайындалды, деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.
«2024 жылғы 23 сәуірде ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев ТМД Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды. Нұрлан Сейтімов ТМД Бас хатшысының орынбасары болып Дәурен Абаевтың орнына келді», — делінген бейсенбідегі хабарламада.
Сейтімов 2019 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың наурызына дейін Қазақстанның Эстониядағы Елшісі болды, оған дейін, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, одан бұрын, 2016 жылдың наурызынан бастап Тәжікстандағы Елші қызметтерін атқарды.
Абаев 2023 жылдың маусымынан шілдесіне дейін ТМД Атқару комитеті Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды, 2023 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның Ресейдегі Елшісі.