Семейдегі өрттен кейін орманды жымқырды деген күдікпен 20-дан астам адам ұсталды
Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директоры мен қылмысқа қатысы барлар уақытша қамалды.