• «Шевронмен» келісімді қайта қарайтын кез келді! • Өткен жазбамызда Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ кен орындарына байланысты жасалған келісімшарттар қайта қаралсын һәм қазақстанның мүддесіне сай жасалсын деп ұсыныс айтқан едік. Сондай-ақ, осы мәселені көтере отырып, «Байтақ» жасылдар партиясы «Парасат» кәсіпкерлер альянсымен бірлесіп петиция жариялаған едік. Қолдап жатқандар көп.Енді осы кеніштерге байланысты жеке-жеке тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Алдымен «Теңіз» кенішіне тоқталсақ. Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылған. Мұнай қоры 3,2 миллиард (25,5 млрд. баррель) тонна. 1993 жылдың 6 сәуірде ҚР мен «Шеврон» компаниясы арасында келісім жасалды.Осы кеніште игеру үшін «Теңізшевройл» ЖШС құрылды. Қазіргі таңда ТШО-ның біраз серіктестері бар. Олардың үлесі«Шеврон» — 50%, «КазМунайГаз» ҰҚ» АҚ — 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» — 25% және «ЛукАрко» — 5%. Жылына шамамен Теңізде 25-27 млн. тонна мұнай өндіріледі. Қазір бұл кеніште өндірілген мұнай 500 миллион тоннадан асты. Қазақстанда өндірілген мұнайдың 35-40 пайызы осы кенішке тиселі. Бірақ бұдан елімізге қанша пайда келіп жатыр? Әлде шетелдік компаниялардың қоржынына құйлып жатыр ма? Бұл жағы құпия. Алайда бір ақиқат дүние, 90 жылдары жасалған барлық келісімдерде шикілік бар. Себебі 1990 жылдары елдегі жағдай тым ауыр еді. Сондықтан сырттан келетін инвесторлардың барлығына Қазақстан жағы кеңдік жасады.Тек «ақша әкелсе, кеніштерді игерсе болды» деген ұстанымда болды. Қысқасы, кеніштерден түсетін пайданың басым бөлігі инвесторлардың қалтасында кететіндей келісімшартарға баруға мәжбүр болған еді. Ал, қазір жағдай өзгерді. Қазақстан аяғынан тік тұрды. Алтын және Ұлттық қоры бар. Қаржы жеткілікті. Демек, тәуелсіздіктің елең-алаңында жасалған келісімшарттардың барлығын қайта қарап, ұлттық мүддеге сай құрылымдау керек-ақ. Әлбетте, «Шеврон» компаниясыменде келісімді қайта қарайтын уақыт жетті. Бұл компанияға теңіз мұнай кенішін жалға беру уақыты 2033 жылы аяқталмақ. Алайда оны күтіп отырудың қажеті шамалы. Петицияға төмендегі сілтеме арқылы өтіп, электронды цифрлық құжат арқылы қолдауға болады: https://epetition.kz/petition/aee8b730-6072-4a14-82c1-59ddf65c4b1b Азаматхан Әміртаев
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды