Ақтөбе облысында шикі мұнайды заңсыз өндірген «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалының бас директорының орынбасары сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы «Сайгак» кен орнындағы келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіргенін, бұл ретте келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтады. Осыған қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған.
Жалпы көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуар құны 139 миллион теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді.
Кен орнын басқарған компания филиалы бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген шығын толығымен өтелді.